• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Аймақтар 11 Сәуір, 2021

Алматыда карантинді бұзған нысандар белгілі болды

262 рет
көрсетілді

Алматы қаласында карантин талаптарын қадағалайтын 40 мониторинг тобы күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz

9-10 сәуірге қараған түні Алматының мониторинг тобы компьютерлік клубтан, бардан және кафеден 300-ге жуық адамды шығарды. Құқық бұзушылардың басым бөлігі «Барвиха» түнгі клубынан анықталды. Жабық алаңда 60-қа жуық келуші болды.

Жалпы, Алматыда бір түнде белгіленген шектеулердің 15 бұзушылығы анықталды. Оның ішінде 13 нысан: мейрамханалар, кафелер мен дүкендер, бір компьютерлік клуб және түнгі клуб.Тексеру үшін полиция басқармасына барлығы 48 адам жеткізілді.

Әуезов ауданы бойынша: «RGB» компьютерлік клубы.

Бостандық ауданында: «75 Projest» лаунж бары жұмыс істеді, онда 40 адам болды.

Жетісу ауданы бойынша: «Эльнарус» кафесінде 40-қа жуық адам карантинді бұзған.

Медеу ауданында: «Барвиха» клубы. Онда 60-қа жуық адам болды.

Барлық мекеме иелеріне қатысты әкімшілік хаттамалар жасалды.

Алматы қаласының әкімдігі тұрғындарды карантиндік шектеулерді ұстануға және жұқтыру қаупі жоғары нысандарға бармауға шақырады.