Алматы облысында жедел жәрдемнің өтуіне кедергі жасаған көлік жүргізушісі әкімшілік жазаға тартылды, деп хабарлайды Egemen.kz ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі оның өтуіне кедергі жасаған көлікті видеоға түсіріп алған. Оқиға Қарасай ауданында болған.
Жедел-іздестіру шарасында полицейлер 37 жастағы жүргізушіні анықтады. Оған қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 597-бабының 3-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.