• RUB:
    5.43
  • USD:
    477.03
  • EUR:
    521.44
Басты сайтқа өту
Қоғам 12 Сәуір, 2021

Елімізде бір апта ішінде 3 295 қылмыс жасалды

137 рет
көрсетілді

ІІМ баспасөз қызметінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек елімізде бір апта ішінде 3 295 қылмыс жасалғанын мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz

ІІМ өкілінің дерегінше, апта ішінде орын алған 3 295 қылмыстың 2 144-і тәулік ішінде ашылған.

«Полиция қызметкерлері «ізін суытпай» 15 кісі өлтіруді, 6 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді, 1 қарақшылық, 29 тонау және 480 бөтен мүлікті ұрлау қылмыстарын ашты», деді ол ҚР Ішкі істер министрлігінде өткен брифинг барысында.

Сонымен қатар ол өткен аптада ІІМ басшысы Ерлан Тұрғымбаев Сенатта Қырғызстанмен көші-қон саласындағы ынтымақтастық туралы заң жобасын ұсынғанын айтты.

Министрлік дерегінше, өткен жылы Қазақстанға Қырғызстанның 281 мыңнан астам азаматы келген. Көрші елге 175 мың қазақстандық барған.