• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
ANTIKOR 12 Сәуір, 2021

Айгүл Соловьеваға жауапты қызмет жүктелді

502 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бұйрығымен Айгүл Соловьева Агенттік төрағасының азаматтық қоғаммен өзара іс-қимыл жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды Еgemen.kz.

Бұған дейін ол Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыруды сыртқы талдау мен бағалаудың Республикалық арнайы мониторинг тобының (бұдан әрі – АМТ) жетекшісі болды.

АМТ – Агенттік жанындағы алғашқы қоғамдық институт. А.Соловьеваның басшылығымен АМТ республикалық және жергілікті деңгейде мемлекеттік органдардың ашықтығы мен есеп беруін дамытуға елеулі үлес қосты.

Айгүл Соловьева ұзақ жылдар бойы Қазақстанның азаматтық қоғамының дамуына елеулі үлес қосып келе жатқан қоғам қайраткері.

Өз кезегінде, меритократия қағидатына сәйкес АМТ жетекшісі болып, бұған дейін жетекшінің орынбасары лауазымын атқарған Рахым Ошақбаев тағайындалды. Р.Ошақбаев – экономист, «TALAP» қолданбалы зерттеулер орталығының директоры.

Соңғы жаңалықтар