• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 13 Сәуір, 2021

Туристер Есік көлі мен Түрген шатқалына бара алмайды

607 рет
көрсетілді

Іле-Алатау ұлттық паркінің өкілі Алматы облысында туристер Есік көлі мен Түрген шатқалына бара алмайтынын мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz

10-11 сәуір күндері аймақ тұрғындары мен қонақтарының бір бөлігі Түрген шатқалына, ал бір бөлігі Есік көліне барғысы келген. Алайда ұлттық парк аумағында тауға қарай 5 шақырым ғана жүре алған. Себебі әрі қарай қорық қызметкерлері жолды жауып тастаған.

«Олар бұдан әрі қозғалуға болмайтынын, өйткені таудан тастар құлап, жолды жауып қалғанын айтты»,  деді туристердің бірі.

Іле-Алатау ұлттық паркінің өкілдері бұған дейін өңірде нөсер жаңбыр жауғанын, нәтижесінде жолға тастар құлағанын айтты.

«Түрген шатқалының 20-шақырымында да жағдай осындай: жол төсемі бұзылып, қоршауы сынған. Жол учаскесі «Жол-құрылыс басқармасы 13» балансында. Бірақ қазіргі уақытта олардың тарапынан ешқандай тазарту шаралары жүргізілмеді», деді қорықтың баспасөз қызметіндегілер.