12 cәуір күні сағат 21:20-да «Reiser» мотоциклін жүргізген 17 жастағы жігіт Қорғалжын тас жолымен Байғанин көшесі жаққа келе жатып, көлігін басқара алмай, көшедегі жарық бағанасына соғылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан мотоциклдің жүргізушісі алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Аталған фактіге қатысты тергеу жүргізілуде.
Айта кетейік, статистикаға сәйкес, мототехниканың апатқа ұшырауына көбіне жүргізушілердің қауіпсіздікті сақтамауы, жол ережесін бұзуы себеп болады.