• RUB:
    5.18
  • USD:
    481.19
  • EUR:
    538.45
Басты сайтқа өту
Аймақтар 13 Сәуір, 2021

Көкшетауда көпқабатты тұрғын үйдің балконы опырылып түсті

1265 рет
көрсетілді

Көкшетауда көпқабатты тұрғын үйдің балконы құлады. Балконның бетон плитасы мен кірпіштері үйдің алдында тұрған көліктің үстіне түсті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақмола облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, келеңсіз жағдай бүгін сағат 14:42 облыс орталығындағы Кенесары көшесі 25 мекенжайы бойынша орналасқан 5 қабатты тұрғын үйде болған.

«Анықталғандай, көппәтерлі тұрғын үйдің ең жоғары 5 қабатындағы пәтердің балконы құлаған. Оқиға орнына ТЖД 3 техникасы мен 14 қызметкері барып, құлаған балконның орнындағы кіріпіш сынықтарын тазалады. Зардап шеккендер мен мерт болғандар жоқ», деді ведомстводан.