• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Видео 14 Сәуір, 2021

Алматыда бетон араластырғыш көлік дүкенге соғылды

415 рет
көрсетілді

Бетон араластырғыш көліктің дүкен ғимратына соғылған сәті түскен бейнежазбасы Instagram желісінде жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алдын ала болжамға сенсек, сол сәтте тежегіш істемей қалған. Салдарынан бетон араластырғыш көлік Асқаров көшесіндегі 3А үйде орналасқан дүкенге соғылған. Қала полициясы апат 12 сәуірде сағат 18.30-да болғанын айтқан.

— Howo жүк көлігінің жүргізушісі Асқаров көшесімен батыс бағытта Арық көшесінің қиылысында орналасқан дүкенге соғылды. Жүргізуші дене жарақатын алды, – деді Алматы қаласы ПД анықтау басқармасы өкілдері.

Ведомствоның мәліметінше, бұл факті бойынша Наурызбай аудандық полиция басқармасы тергеп-тексеру амалдарын жүргізуде.