• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 14 Сәуір, 2021

Қазақстан мен Аустралия сыртқы саяси ведомстволары онлайн кездесу өткізді

290 рет
көрсетілді

Қазақстан мен Аустралия сыртқы саяси ведомстволары видеоконференц форматында саяси консультация өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Іс-шара барысында Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Азия-Тынық мұхит өңірі департаментінің директоры Нұрғали Арыстанов және Аустралия Сыртқы істер және сауда министрлігі Хатшысының бірінші орынбасары Гэри Коуан саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытудың ағымдағы жағдайы мен келешегін талқылады.

Тараптар екіжақты және көпжақты форматтағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейту және тереңдету, сондай-ақ саяси диалогты, сауда-экономикалық қатыныстарды нығайту, инвестициялық ынтымақтастықты арттыру бойынша нақты қадамдар қабылдаудың маңыздылығын атап өтті.