• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 14 Сәуір, 2021

Діни ақпараттық-түсіндіру тобы павлодарлықтармен кездесті

395 рет
көрсетілді

5-6 сәуірде Павлодар облысында республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының (РАТТ) мамандары Халықтың дінтану сауаттылығын арттыру және қоғамда дәстүрлі рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру мен діни экстремизмнің алдын алу шеңберінде жергілікті тұрғындармен іс-шаралар мен кездесулер өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

РАТТ жұмыс тобында білікті теологтар, дінтанушылар және психологтар –  А. Жарас, К. Мутебаев, М. Исахан, Б. Мырзаев бар. Сондай-ақ бұл іс-шарада Дін істері басқармасының басшысы Д. Закарьянов және Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің өкілі С. Қизатов қатысты.

РАТТ мүшелері Екібастұз қаласындағы Қ. Сәтбаев атындағы ЕИТИ студенттерімен және Солнечный кентінің тұрғындары, мешіт жамағаттары, сондай-ақ, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен және т.б. кездесулер өткізді. Осы іс-шараларға 315-ке жуық адам қатысты. Іс-шаралар карантиндік талаптарға сай қадағаланып жүргізілді.

Өткізілген іс-шаралар барысында өңір тұрғындарына Қазақстанда тұратын барлық конфессиялар мен этностардың бейбіт өзара іс-қимылы мен қатар өмір сүруіне, Қазақстан халқының мәдениеті мен рухани мұрасына, деструктивті жалған діни және радикалды идеялардың зияндылығына бағытталған дін саласындағы мемлекеттік саясаттың мәні туралы ақпарат берілді.

Сонымен қатар дін саласындағы өзекті мәселелер, өскелең ұрпақ арасында дәстүрлі діни сананы қалыптастырудағы тиімді және жүйелі жұмыс бойынша жаңа әдістер, идеялар мен ұсыныстар, сондай-ақ діни сауаттылықты арттыру, жастармен жұмыс кезінде тәжірибе және арнайы дағдылар алмасу мәселелері талқыланды.

Сондай-ақ Дін мәселелері жөніндегі республикалық ақпараттық-түсіндіру тобы Шығыс Қазақстан облысында болды. РАТТ мүшелері Өскемен қаласының ЖОО-да, ОАОО-да оқитын студенттермен, ШҚО полиция департаментінің құрылымдық бөлімшелерінің құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен, Семей қ. Семей әскери гарнизонының әскери қызметшілерімен, Аягөз локомотив депосының ұжымымен және т.б. кездесулер өткізді. Осы іс-шараларға 450-ге жуық адам қатысты. Іс-шаралар карантиндік талаптарына сай қадағаланып жүргізілді.