• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 14 Сәуір, 2021

Жастар арасында суицидтің алдын алу жұмыстары басталды

1116 рет
көрсетілді

Бүгін онлайн формата «Жастар арасында суицидтің алдын алу бойынша шаралар кешенін іске асыруды әзірлеу» жобасының басталуына арналған баспасөз конференциясы өтті.

Іс-шараға ҚР АҚДМ жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Шахмардан Байманов, Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының басшысы Лима Диас, «Қазақстанның тең құқықтары мен тең мүмкіндіктері институты» ҚҚ президенті Маргарита Өскембаева, жоба үйлестірушісі Айгүл Беймишева және басқалар қатысты.

Баспасөз конференциясы барысында ұйымдастырушылар жобаның жастар арасындағы суицидтік әрекеттердің алдын алу және алдын алу жұмыстарының тиімділігін арттыруға, сондай-ақ олардың психикалық денсаулығын сақтауға және нығайтуға жәрдемдесуге бағытталғанын атап өтті.

«Жас адамға суицид жасау ниетімен күресудің басқа да сценарийлерін ұсыну маңызды. Мысалы, шығармашылықпен, спортпен, волонтерлікпен айналысу», деді Ш.Байманов.

Жоба шеңберінде жасөспірімнің «тәуекел тобына» кіруіне талдау жасай отырып, «Жастардың әлеуметтік-психологиялық әл-ауқатының индексін» әзірлеу және оны апробациялау, жастар арасында суицидтің алдын алу бойынша ата-аналар мен қамқоршыларды оқыту, сондай-ақ алынған білімді жергілікті деңгейде одан әрі тарату үшін облыстық деңгейдегі 170 жаттықтырушыны оқыту жоспарлануда.

Айгүл Беймишева әлеуметтік жобаның ұзақ мерзімді әсері: әлеуметтік-психо-медициналық тұрғыдан жастардың суицидтік мінез-құлқын зерттеу проблемасын өзектендіру, сондай-ақ қазақстандық қоғамның суициденттерге және олардың жақындарына деген көзқарасын өзгерту болып табылатынын атап өтті.

Жоба ҚР АҚДМ қолдауымен «Қазақстанның тең құқықтары мен тең мүмкіндіктері институты» Қоғамдық Қоры және Азаматтық бастамаларды қолдау орталығымен бірлесіп жүзеге асырылуда.