• RUB:
    4.85
  • USD:
    444.14
  • EUR:
    477.05
Басты сайтқа өту
Спорт 14 Сәуір, 2021

Қостанайлықтар футзалдан ұлттық мектеп лигасының жеңімпазы атанды

409 рет
көрсетілді

Қостанай облысы Қарасу орта мектебінің құрамасы футзалдан 9-11 сынып оқушылары арасында өткен «Теңбіл доп» мектеп лигасының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.

8-15 сәуір аралығында Нұр-Сұлтан қаласында өткен республикалық жарыстың финалында Қарасу мектебінің құрамасы Қызылорда облысының оқушыларымен кездесіп, қарсыластарын 3: 2 есебімен қапы қалдырды.  

«Коронавирусқа байланысты ұзақ үзіліске қарамастан біздің балалар өз шеберліктерін жоғалтқан жоқ. Балалардың жеңісі Қарасу ауданының ғана емес, бүкіл Қостанай облысының мерейін өсірген үлкен қуаныш», деді дене тәрбиесі және балалар мен жасөспірімдер туризмі өңірлік орталығының директоры Қуаныш Бимурзин.