Қасиетті Рамазан айында елорданың дін істері жөніндегі басқармасы мен діндерді зерттеу орталығы «Нұр-Астана» мешіті ұжымымен бірлесіп, аузы берік мұсылмандарға ыстық тамақ тарата бастады, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігіне сілтеме жасап
Рамазан айы сәуір айының 13 күні басталып, 12 мамырға дейін жалғасады. Мамыр айының 8-нен 9-на қараған түні Қадір түні, 13 мамыр күні Ораза айт мерекесі атап өтіледі.
Барша мұсылман үшін бұл ай жақсылық пен ізгілік айы. Ислам дінін ұстанушылар қайырымдылық жасап, сауап жинауға тырысады. Сол себепті де, қайырымды жандар мұқтаж жандарға көмек қолын созып, жақсылықтың жаршысы атануға ниетті.