• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Ауа райы 16 Сәуір, 2021

16 сәуірге арналған ауа райы болжамы

579 рет
көрсетілді

«Қазгидромет» РМК 16 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

16 сәуірде республиканың басым бөлігінің ауа райына антициклон жотасының ықпалы сақталады. Осыған орай жауын-шашынсыз күн райы болжанады. Республиканың тек оңтүстік және батысында атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай болады. Жекелеген өңірлерде тұман, желдің күшеюі болуы мүмкін.

Атап айтқанда, Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман күтіліп, күндіз жел 15-20 м/с артады.

Алматы облысының Алакөл аумағында жел 15-20 м/с күшейеді.

Қостанай, түнде және таңертең Маңғыстау, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман болжанады.