• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 16 Сәуір, 2021

Түркістанға келушілер саны 3,5 млн-ға дейін ұлғаяды – Ақтоты Райымқұлова

516 рет
көрсетілді

2025 жылға қарай Түркістанға келуші туристер ағымы 3,5 млн-ға дейін ұлғаяды. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Елбасы кітапханасында өтіп жатқан «Түркістан – Түркі әлемінің рухани астанасы» халықаралық онлайн-конференциясында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Түркістанның Орталық Азиядағы өңірлік туризмнің ірі орталығы ретінде дамуы үшін барлық жағдайды жасау маңызды. 2020 жылы бірқатар ірі жоба іске асырылды. Олардың қатарында Жібек жолы бойынша гранд-тур және туризм зияратын әзірлеу, мәдени-тарихи объектілер бойынша ақпараттық турлар, агро-турлар бойынша экспедициялар, Әзірет Сұлтанда оқушылар үшін арнайы сабақтар, санаторий-курорттық туризм бойынша зерттеулер де бар», деді Ақтоты Райымқұлова.

Министрдің айтуынша, өңірдің табиғи ескерткіштері келушілердің қызығушылығын тудырады.

«Бай тарихты, заманауи инфрақұрылымды, көптеген тарихи-мәдени объектілерді және табиғи ескерткіштерді ескере отырып, өңірдің туристік әлеуеті күннен күнге артып, 2025 жылы туристер ағымының 3,5 млн адамға дейін ұлғаюы күтілуде. Мәдениет және туризм салаларының сембиозы дамыған рухани қоғам қалыптастыруға мүмкіндік береді», деді ол.

Еске сала кетейік, Елбасы кітапханасында «Түркістан – Түркі әлемінің рухани астанасы» халықаралық онлайн-конференциясы өтіп жатыр.