Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Түркістанда 21 ханның, 8 сұлтанның, 23 бидің, 59 батырдың сүйектері жерленгенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Қаланың тарихи бөлігі киелі мәнге ие екені баршаға мәлім. Бұл жерде ғылыми деректерге сәйкес 21 ханның, 8 сұлтанның, 23 бидің, 59 батырдың сүйектері жерленген. Жәнібек, Жәңгір, Есім, Тәуке, Абылай, Әбілхайыр хандардың, сондай-ақ, қазақ тарихындағы атақты Қаз дауысты Қазыбек би, Шоң би, Торайғыр би, Бөгенбей батыр сияқты басқа да тұлғалардың бейіттері орналасқан. Бұл тұлғалар көптеген жағдайларда тек қазақ халқының ғана емес, жалпы түркі әлем тарихының қалыптасуында шешуші рөл атқарған. Қазақстанның тәуелсіздік жылдарында тарихи мәдени мұра объектілерін зерделеу, сақтау және оларды танымал ету маңызды», деді А. Райымқұлова «Түркістан – Түркі әлемінің рухани астанасы» халықаралық онлайн-конференциясында.