• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Аймақтар 16 Сәуір, 2021

Ақтау-Жетібай тас жолында жүк көлік өртеніп кетті

2176 рет
көрсетілді

Мұндай хабар Маңғыстау облысының өрт сөндірушілеріне 16 сәуірде сағат 13:25-те жеткен, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Ақтау-Жетібай тас жолының 40-шы шақырымында тіркемесі бар жүк көлігі өртенді. Оқиға орнына екі техникамен 10 адам келді. Сағат 14:12-де өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ», деді Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және құтқару жұмыстары қызметінің бастығы Назаралі Селимов.