• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Аймақтар 16 Сәуір, 2021

«Шахтер» командасына жаңа бас бапкер келді

142 рет
көрсетілді

Ресейлік маман Магомед Адиев қарағандылық «Шахтер» командасының бас жаттықтырушысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz

«Шахтер» футбол клубы хабарлағадай, 43 жастағы маман «Нижний Новгород», «Ахмат» (Грозный), «Анжи» (Махачкала), «Чайка» (Песчанокопское) сияқты командаларда жұмыс істеген. Футболшы ретінде ЦСКА (Мәскеу), «Анжи», «Сокол» (Саратов), «Жеңіс» (Нұр-Сұлтан), «Терек» (қазір «Ахмат»), «Кривбасс» (Кривой Рог) және «Нижний Новгород» клубтарында доп тепкен. Ресей олимпиадалық құрамасы сапында төрт матч өткізіп, екі гол соққан.

2004 жылы «Теректің» құрамында Ресей кубогын иеленді. Сондай-ақ екі мәрте (2004, 2007) Ресей чемпионаты бірінші дивизионының жеңімпазы атанды. М.Адиев «Шахтерде» Али Алиевті алмастырды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын «Ақжайық» пен «Ақтөбе» сырт алаңда жеңіске жеткенін жазған болатынбыз. Оралдықтар өткен турда елордада «Шахтерден» басым түскен еді.