• RUB:
    5.14
  • USD:
    480.11
  • EUR:
    532.25
Басты сайтқа өту
Аймақтар 17 Сәуір, 2021

Жамбыл облысында прокуратура қызметкері парамен ұсталды

253 рет
көрсетілді

Жамбыл облысында прокуратура қызметкері ір көлемдегі парамен ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, өз араларындағы сыбайлас жемқорлық әрекеттерімен күрес жұмыстары барысында Бас прокуратураның Ішкі тергеу департаментінің өкілдері Жамбыл облыстық Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдерімен бірге 16 сәуір күні Байзақ аудандық прокуратурасының қызметкерін ұстады.

«Ол ірі көлемде пара алды деген күдікке ілігіп отыр. Осы іс бойынша қажетті тергеу әрекеттері қолға алынды. Өзге мәліметтер тергеу жүріп жатқандықтан жарияланбайды», делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.