Кейде жол-көлік оқиғаларын әдепсіз немесе жауапкершілігі төмен жүргізушілер де жасайды.
Мәселен, Көкшетау — Чистополье бағытындағы автожолда 22 жасар «ойынқұмар» жүргізуші «Toyota Previa» көлігімен келе жатып жылдамдығын 60 шақырымға дейін түсіріп, артынан озып кетпекші болғандарға қасақана жолды жауып, кедергі келтірген. Артындағы адам оның бұл қылығын бейнероликке түсіріп алып, Instagram желісіне салып қойған. Бұған жол патрульдері де араласып, ақырында «ойынқұмардың» кім екенін анықтады.
Айыртау ауданының ПБ Жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің бастығы, полиция подполковнигі Бақытжан Жантілеуов оған қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 614-бабы - «Көлік құралдарының жүруіне кедергі келтіру» бойынша хаттама толтырылғанын жеткізді. Енді жол тәртібін ойыншық көрген «қалжыңқой» кем дегенде сот шешімімен айыппұл төлейтін болады.