• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Қоғам 19 Сәуір, 2021

ІІМ Қазақстан жолдарына қатысты адам шошырлық дерек айтты

556 рет
көрсетілді

Биыл жол-көлік оқиғасынан қаза болғандар саны көбейген. Бұл туралы ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Түсіпов айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Биылғы қозғалыс жылдамдығының жаңаруын, жол-көлік инфрақұрылымын дамыту жөніндегі шаралар жеткіліксіздігін ескерсек, апат көрсеткішінің өскені байқалады. 2021 жылдың үш айында апат саны 4 пайызға (2 740-тан 2 621-ге дейін) және зардап шеккендер саны 1 пайызға (3 634-тен 3 605-ке дейін) төмендесе, қаза болғандар саны 12 пайызға (325-тен 363-ке дейін) көбейген», деді Серік Түсіпов.

Сондай-ақ ол өткен жылы пандемия кезіндегі карантин шаралары, облысаралық тасымалдарды шектеуге байланысты апат көрсеткіші төмендегенін мәлімдеді. Жол-көлік оқиғасы - 19 пайызға, қаза тапқандар - 17 пайызға және жараланғандар - 20 пайызға азайған. Ал ең жоғары көрсеткіштер 2013 жылы тіркелген. Ол кезде 23 359 жол апаты тіркеліп, 3 мыңнан аса адам қаза тауып, 30 мыңға жуық адам жарақат алған.

Оның айтуынша, жолдардағы өлім-жітім жол-көлік оқиғасының үш негізгі түрінің динамикасына байланысты. Бұл жаяу жүргіншілерді соғу, аударылу және көліктердің бетпе-бет соқтығысуы. Осы түрлердегі өлім-жітім барлық апатта қаза тапқандардың 56 пайызы болған. «Олардың алдын алу үшін қоршаулар қойып, реттелетін жерүсті және жерасты жаяу жүргіншілер өткелдерін орнату керек», деді ол.