• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Медицина 19 Сәуір, 2021

Тараздық дәрігерлер кілт жұтып қойған баланы құтқарды

533 рет
көрсетілді

Баланың ата-анасы бір аптадан соң, тек жылай бастағанда көмекке жедел жәрдем қызметін шақырған, деп хабарлайды Egemen.kz

Шұғыл қызметтің мамандары баланы дереу облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жеткізіп, рентген аппаратына түсірген. Дәрігерлер құрылғы арқылы  баланың ағзасында бөгде заттың бар екендігін байқаған.

Мамандардың біліктілігі мен мол тәжірибесінің арқасында гастроскоп құрылғының көмегімен бір жастағы баланың асқазанындағы кілт сәтті алынып тасталды.

«Біз бір жастағы баланың асқазан-ішек жолынан бөтен денені алып тастадық. Әлгі зат кілт болып шықты. Баланы ауруханаға оқиға орын алған сәттен бір апта өткеннен кейін алып келсе де, біз хирургия бөлімінде отаны сәтті жасадық», деді хирургия бөлімінің дәрігері Мәулен Кенжалы.

Сонымен бірге баланың анасы ақ халатты абзал жандарға жүрекжарды алғысын жеткізді. Қазіргі күні баланың жағдайы жақсарып, үйіне шығарылды.