Тәртіп сақшылары бірнеше мәрте алаяқтық жасағаны үшін Тараз қаласының тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz
Полицияға белгісіз ер адамның «жүргізуші куәлігін жедел алып беремін» деген сылтаумен олардың 250 мың теңгесін иемденіп кеткені туралы 3 шағым түскен.
«Аталған дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері облыс орталығының 37 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады», делінген облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Қазіргі таңда күдікті кінәсін мойындады, зардап шеккен өзге де тұлғаларды анықтау бойынша тергеу амалы жүргізіліп жатыр.