Наурыз айының соңынан бері SpaceX-пен келіссөздер жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Бағдат Мусин Facebook-тегі парақшасында жазды.
Сондай-ақ, ол ынтымақтастықты дамыту бойынша қызықты бірнеше бағыт бар екенін айтты.
«Телепорт станциясын Алматы маңында орналастыруға және бес елді мекенді тестке қосуға алдын ала келісімдер жасалды. Ауылдарда орнатылатын нүктелердің санын әлі де жұмыс барысында нақтылаймыз», деді Бағдат Мусин.
Айта кетейік, Starlink жүйесі АҚШ, Канада және Еуропа елдерінің аумағын толығымен қамтиды. Қазір орбитада «SpaceX» компаниясының 1400-ге жуық жерсерігі орналасқан.