• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
27 Сәуір, 2010

СЫЛДЫРАҒАН БҰЛАҚТАР

670 рет
көрсетілді

Қостанайда дәстүрлі түрде өтіп ке­ле жатқан халықаралық “Алтын микрафон” балалар ән байқауы биыл өте тартысты өтті. Болгария­дан, Ре­сей­ден, Өзбекстаннан, Бе­ло­руссия­дан, Қырғызстаннан және Қазақстан­ның барлық об­лыс­тары­нан келген 60 бала байқаудың бас жүлдесі үшін өнер додасына түсті. Төрт мемлекет­тің өнер қайраткер­лерінен, танымал музыка маман­дары­нан құралған қа­зы­­­лар алқасы­на екі күн бойы бай­қау­дың жүлде­сін бөлу оңайға түскен жоқ. – Балаларды олардың орындау қабі­летіне ғана емес, орындау мә­не­рі­не қарап та түрлі деңгейге бөлу­ге бо­лады. Осы жолы азиялық және еу­ропалық ән айту мектебі тоқай­ласты. Біздің кішкентай әнші­лердің та­лантына еш күмән жоқ, таңдай қақ­тырды, –дейді қазы­лар алқасы­ның мүшесі, халық­аралық “Бозтор­ғай” халықаралық балалар ән бай­қауы­ның директоры Қар­лығаш Әбдікәрімова. Балалардың таланты сырттан келген музыка мамандарын да, көрермендерді де тамсантты. Ал өткен жылы халықаралық ән кон­курс­тарының бас жүлделерін ием­­денген қостанайлық үш әнші де осы “Алтын микрофон” байқауы­ның “шапанынан шыққандар” екен. Бұл жолы байқау­дың соңғы күнгі гала-концертін облыс әкімі Сергей Кулагин де келіп тама­ша­ла­ды, жеңімпаздарға жүлде тапсыр­ды. Бірінші орынды кіші топтың ара­сын­да Болгариядан келген тоғыз жасар Мартин Йорданов, орта топта алматылық Азиз Настоков, ересек топта қостанайлық Айдана Жақыпова иеленді.Байқаудың бас жүлдесін Белоруссиядан келген жас әнші Дарья Михайлова қанжыға­сына байлады. Про­дюсер Вячеслав Авдеевтің айтуын­ша, халықаралық “Алтын микрафон” байқауы өткен сегіз жылдың ішінде бас жүлде бірінші рет Қазақстаннан сыртқа кетті. – Кезінде кішкентай әншілердің бай­қауының Қостанайда өтуін қол­даға­нымызға қазір ерекше қуанып тұр­мын. Осы жылдар ішінде қаншама талант­тардың жұлдызы жарқырады, қаншама бұлақтың көзін аштық. Келесі жылы “Алтын микрафонның” тағы да Қос­танайда өтуі үшін оған бөлінетін қар­жыны үш есе көбейтеміз,–деді облыс әкімі Сергей Витальевич. Ал бұлақтар өзенге құяды... Нәзира ЖӘРІМБЕТОВА, ҚОСТАНАЙ.