• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Ауа райы 21 Сәуір, 2021

Алдағы апта күн жылынады

574 рет
көрсетілді

Синоптиктердің болжауынша, алдағы күндері антициклонның әсері еліміздің басым бөлігінде сақталып, ауа райы жауын-шашынсыз болады, деп хабарлайды Egemen.kz

Сонымен қатар биіктік жотасы республика аумағы арқылы батыстан шығысқа қарай жылжып, ауа температурасының көтерілуіне ықпал етеді.

Тек еліміздің батысы мен оңтүстік-шығысында, атмосфералық фронтальдық бөліктердің өтуімен тұрақсыз ауа райы болуы ықтимал. Кей жерлерде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады, кейде найзағай ойнайды, бұршақ жаууы мүмкін. Республиканың жекелеген өңірлеріне тұман түсіп, жел күшейеді, оңтүстік-батыста шаңды дауыл тұрады.