• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Медицина 21 Сәуір, 2021

«Эпидемиямен қалай күресу керектігін білемін»: Біртанов бостандық сұрады

3277 рет
көрсетілді

Аса ірі көлемде бюджет қаражатын ысырап ету фактісі бойынша қылмыстық айып тағылған экс-Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов бүгінгі сот отырысында өзінің кінәсіз екенін мәлімдеді, деп хабарлайы Egemen.kz

Сот отырысында ол өзіне тағылған айыппен келіспейтінін және соттан оны босатуын сұрады.

«Менің еш кінәм жоқ және өзіме тағылған айыппен келіспеймін. Құрметті судья, мені босатуыңызды сұраймын. Себебі, мен қазір қамауда отырғанымнан гөрі бостандықта жүрсем, эпидемиямен күресуде қоғамға көбірек пайдамды тигізер едім. Менің денсаулық сақтау, медицина саласында жиған көп жылдық тәжірибем жеткілікті. Сондықтан эпидемиямен қалай күресу керектігін білемін», деді экс-министр Елжан Біртанов.

Бұл ретте прокурорлар Елжан Біртановтың үй қамақ мерзімін мамыр айының соңына дейін ұзартуды сұрады. Олардың айтуынша, егер Біртанов бостандықта жүрсе, тергеуге қысым көрсетуі мүмкін екен.

Естеріңізге сала кетейік, былтыр жазда Президент Жарлығымен Елжан Біртанов қызметінен босатылған еді. Алайда ол бұл қызметінен кетсе де, мемлекет қаражатын ысырап етті деген күдікпен қамауға алынды. Сот процесі ұзаққа созылғандықтан, экс-министр үй қамаққа алынды.