• RUB:
    5.01
  • USD:
    488.11
  • EUR:
    530.09
Басты сайтқа өту
Қаржы 22 Сәуір, 2021

Жалақысы көп өңірлер анықталды

464 рет
көрсетілді

2020 жылы төртінші тоқсанында орта есеппен жан басына шаққандағы номиналды табыс 125,4 мың теңгені құраған. Бұл 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12,9%-ке көп, деп жазады Egemen.kz ranking.kz таратқан дерекке сілтеме жасап.

Өңірлер арасында орта есеппен жан басына шаққандағы номиналды табыс былтыр төртінші тоқсанда Түркістан облысында 65,9 мың теңге болса, Атырау облысында 230,2 мың теңгеге дейін болған. Дегенмен, Атырау облысында халықтың кірісі нақты мәнде 2%-ға төмендеген, ал Түркістан облысында, керісінше, 7,4%-ға артты.

Жалпы, Қазақстан бойынша жан басына шаққандағы ең төменгі номиналды ақшалай табыс Түркістан облысында (65,9 мың теңге), Шымкент қаласында (79,1 мың теңге), Жамбыл облысы (86,5 мың теңге), Алматы облысы (90,7 мың теңге) және Қызылорда облысында (91,2 мың теңге) тіркеліп отыр.

Ал жан басына шаққандағы ең жоғары номиналды табыс Атырау облысында, Нұр-Сұлтан (192,9 мың теңге) мен Алматы (185 мың теңге) қалаларында тіркелді.