Білікті мамандардың тапшылығы жағдайды ушықтырып отыр. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңесте мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz
«Облыста 207 дәрігер жетіспейді. Соның ішінде, ауылдық жерлерге 52 дәрігер қажет. Облыс әкіміне емдеу мекемелерін дәрі-дәрмекпен және медициналық құралмен қамтамасыз етуді жеке бақылауға алуды тапсырамын. Сонымен қатар анестезиология және жан сақтау бөлімдерін толық жабдықтауды, дәрігерлер тапшылығы мәселесін шешу міндетін жүктеймін», дейді Мемлекет басшысы.