Іссапарға шығатын санитарлық-эпидемиялық сала мамандарының қызметіне барлық жағдайды жасауды жүктеймін. Бұл жөнінде Мемлекет басшысы Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңесте мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz
«Қазіргі таңда әртүрлі штамдар пайда болып, кеселмен күрес қиындай түсті. Өкінішке қарай, қауіпті дерттің кесірінен ұлтқа берері көп танымал тұлғалардан да айырылып қалып жатырмыз. Бұл – бүкіл еліміз үшін орны толмас қайғы. Мемлекет үшін әр адамның өмірі қымбат. Сондықтан, барша жұртты жауапкершілік танытуға, сақ болуға шақырамын», дейді Қазақстан Президенті.