Қазақстан Президенті Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңесте өңірде медицина қызметкерлеріне қолайлы жағдай жасау керектігін алға тартады, деп хабарлайды Egemen.kz
«Айрықша күтімге мұқтаж балаларға қолайлы орта қалыптастырып, медициналық көмек беру үшін мамандандырылған сауықтыру орталығын салу мәселесін қарастыруды тапсырамын», дейді Президент.
Бұдан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаев мектеп түлектеріне дәрігер мамандығы бойынша білім алуы үшін грант санын көбейту қажеттігін айтты.
«Қоғам өкілдері бірнеше жылдан бері облыс орталығында спортқа ерекше қабілеті бар дарынды балаларға арналған мектеп-интернат салу мәселесін көтеріп жүр. Үкіметке әкімдікпен бірлесіп бұл мәселені де қарастыруды тапсырамын», дейді Мемлекет басшысы.