Тіл саясаты комитеті «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшірудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығының жобасын дайындады, деп хабарлайды Egemen.kz
Құжатта қазақ әліпбиінің кириллицадан латын графикасына ауыстырудың алдыңғы нұсқасына өзгерістер енгізілген.
Жарлық жобасы «Ашық НҚА» сайтына 6 мамырға дейін қоғамдық талқылау үшін орналастырылды.