Семей қаласының әкімі Нұрымбет Сақтағанов кәсіпкерлермен кездесу барысында өзінің қанша жалақы алатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Кездесу барысында Семей тұрғыны әкімге: «Қаржы дағдарысы байқала ма? Бәлкім, жалақыңызды қысқартқан болар. Жұмыс уақытыңызды қысқартты ма? Пандемия кезіндегі жалақыңыз қанша болды?» деген сұрақтар қойды.
«Менің жалақым - 450 мың теңге, несием бар. Қаржы жағынан пандемия менің отбасыма әсер етпеді», деп жауап берді әкім.