• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 23 Сәуір, 2021

Нұрлан Нығматулин: Салық заңнамасын жетілдіру Мәжілістің басты назарында

143 рет
көрсетілді

Бүгін Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Палата Бюросы өтіп, онда алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бюро отырысында депутаттардың бастамасымен әзірленген әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту мәселелер туралы заң жобасы I оқылымда қарау ұсынылды.

Аталған заң жобасы еліміздегі әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытудың тетіктерін заңнамалық реттеу және жүйелендіру мақсатында әзірленді.

Сондай-ақ, алдағы жалпы отырыста салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы Салық кодексіне заңнамалық түзетулерді енгізетін заң жобасы I оқылымда қаралмақ.

Сонымен қатар, депутаттар назарына бірқатар ратификациялық заң жобаларын қарау ұсынылды. Олар: Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы көші-қон саласындағы ынтымақтастыққа қатысты келісім және Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттама.