Бүгін таңғы сағат 9:15-те Алматыдағы сауда кешені аумағына жарылғыш зат қойылды деген ақпарат келіп түскен, деп хабарлайды Egemen.kz
Екі минуттан кейін MART сауда кешенінің әкімшілігі адамдарды қауіпсіз жерге көшіруге кіріскен. Қазірге дейін кешен аумағынан 200-ден астам адам қауіпсіз жерге шығарылған.
Арнайы мамандар іздеу мен тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.