• RUB:
    4.82
  • USD:
    440.9
  • EUR:
    475.95
Басты сайтқа өту
Оқиға 24 Сәуір, 2021

Алматыдағы атыстан күзетші ауыр жарақат алды

172 рет
көрсетілді

Алматыда тұрғын үй кешенінің күзетшісі аңшылыққа арналған мылтықтан жарақат алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Полиция департаментінің мәліметінше, күзетші мен белгісіз ер адамның арасында туындаған жанжал салдарынан күзетшінің аяғы аңшылық мылтықтан жараланған. Ол ауруханаға жеткізілді.

Қазіргі уақытта Алматы полициясы «Бұқар Жырау Тауэрс» тұрғын үй кешеніндегі атқышпен келіссөз жүргізуге тырысып жатыр. Алайда қарулы азамат келіссөзден бас тартуда.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында аталған үйдің тұрғындары эвакуацияланды.

«Полиция азаматтарды тыныштыққа шақырады. Жәбірленуші реанимацияда, оның өміріне қауіп жоқ», деп хабарлайды қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, қылмыскерді ұстау және залалсыздандыру бойынша арнайы операция жалғасып жатыр.