• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Әлем 26 Сәуір, 2021

Ибн Хатиб ауруханасындағы өрттен 82 адам қаза тапты

1225 рет
көрсетілді

25 сәуірге қараған түні Бағдадтағы Ибн әл-Хатиб ауруханасында өрт болды, деп хабарлайды Egemen.kz «Анадолы» агенттігіне сілтеме жасап.

Бағдадтағы коронавирус жұқтырған науқастарға арналған ауруханадағы өрттен зардап шеккендердің саны 82-ге дейін жетті. Бұл туралы Ирак телеарнасының эфирінде Ирак ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Халид аль-Миханна хабарлады. 

«Коронавирустың жаңа түрімен (COVID-19) емделіп жатқан Ибн әл-Хатиб ауруханасында болған өрттің салдарынан 82 адам қайтыс болды, тағы 110 адам жарақат алды», деді Халид аль-Миханна. 

Десе де Ішкі істер министрлігінің өкілі өрттің себептерін атаған жоқ. Болжам бойынша өрт оттегі баллонының жарылуынан шыққан болуы мүмкін. 

Куәгерлердің айтуынша, ғимараттың ішінде дүрбелең басталып, адамдар терезеден секірген. 200-ден астам науқас құтқарылды.

Екі қабатты аурухананың іші толығымен жанып кетті. Ал қаза тапқан науқастардың көпшілігі көміртегі тотығымен уланған.

Аталған жағдайға байланысты Ирак премьер-министрі мұқият тергеу жүргізуді тапсырды. Сонымен қатар ол елдің денсаулық сақтау министрі мен Бағдад мэрін қызметінен шеттетті деген хабар бар. 

Халық құрбандарды үш күн аза тұтады.