• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Әлем 26 Сәуір, 2021

Қазақстанда Ресейдің жаңа зымыраны сынақтан өтті

371 рет
көрсетілді

Сары-Шаған полигонында Ресейдің аэроғарыш күштері (ВКС) зымыранға қарсы жаңа қорғаныс жүйесі сынақтан сәтті өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қазақстан Республикасында орналасқан Сары-Шаған полигонында Аэроғарыш күштерінің әуе және зымыраннан қорғаныс жауынгерлік экипажы Ресейдің зымыранға қарсы қорғаныс жүйесіне тиесілі (АБМ) жаңа зымыранын кезекті сынақтан өткізу жұмыстары сәтті аяқталды»,  деп хабарлайды Ресей Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Іс-шара барысында Аэроғарыш күштерінің әуе және баллистикалық зымыраннан қорғаныс армиясының командирі генерал-лейтенант Андрей Дёмин бірқатар сынақтан кейін жаңа зымыранның негізгі сипаттамаларын сенімді түрде растады. 

Сондай-ақ жауынгерлік экипаж нысананы көздеуде дәлдік танытып, тапсырманы ойдағыдай орындаған.