• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 27 Сәуір, 2021

Қосшы ауылына қала мәртебесі берілуі мүмкін

919 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қосшы ауылын облыстық маңызы бар қала санатына жатқызу туралы жарлығы ашық талқыға шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Ақмола облысы Целиноград ауданының Қосшы ауылы облыстық маңызы бар қала санатына жатқызылсын. Осы жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енеді», делінген жарлық жобасында.

Қосшы ауылы – Целиноград ауданының аумағында орналасқан ауыл. Жалпы көлемі - 2413 гектар. Аудандық орталығы Ақмолға дейінгі арақашықтық 36 шақырым. Көше-жол желісінің ұзындығы - 185 шақырым (асфальт - 34,4 шақырым) (қиыршықтас-шағылтас жабынымен - 50 шақырым, қара жол - 98,6 шақырым). Шаруашылық кітабы бойынша халық саны - 50 600 адам.

Жоба 13 мамырға дейін ашық талқыланады. Оған мана жерде қатысуға болады.