28 сәуірде еліміздің бірнеше өңірінде найзағай ойнап, қатты жел соғады, деп хабарлайды Egemen.kz «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Солтүстік Қазақстан облысында түнде жаңбыр жауады. Кей жерлерде найзағай ойнап, дауыл болуы мүмкін. Батыстан 15-20 метр жылдамдықпен жел соғып, кейде желдің екпіні секундына 23-28 метрге жетеді.
Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, тұман болады. Батыстан секундына 15-20 метрге дейін жел соғады.
Ақмола облысында оңтүстік-батыстан, батыстан секундына 15-20 метр жел соғады. Түнде және таңертең найзағай болуы мүмкін.
28 сәуірде Қызылорда облысында жел оңтүстік-шығыстан соғады. Жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді.
Айта кетейік, алдағы күндері еліміздің кейбір өңірлерінде 38 градусқа дейін аптап ыстық болатыны хабарланған еді.