• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 28 Сәуір, 2021

Асқар Мамин Arcelor Mittal басшысы Л. Митталмен кездесті

109 рет
көрсетілді

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Arcelor Mittal атқарушы төрағасы Лакшми Митталмен кездесу өткіздідеп хабарлайды Egemen.kz Үкімет үйінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Л. Миттал Үкімет басшысына компанияның Қазақстандағы қызметін одан әрі дамыту жоспарларын таныстырды.

А. Мамин тіршілікті қамтамасыз ету бойынша өндіріс пен инфрақұрылымды жаңғырту, заманауи экологиялық таза технологияларды енгізу, әлеуметтік жобаларды іске асыру, денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігі салаларында жоғары стандарттардың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі Arcelor Mittal  іс-шараларын өткізудің маңыздылығын атап өтті.

«Арселор Миттал Теміртау» АҚ – Қарағанды облысындағы ірі металлургиялық кәсіпорын. 30 мыңнан астам қазақстандық компанияның металлургия, көмір және темір кені бөлімшелерінде жұмыс істейді. Кәсіпорын өнімдерінің 80%-ға жуығы әлемнің 75 еліне экспортталады.

Кездесуге ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Роман Скляр, Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов, экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев, сондай-ақ ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Марат Сұлтанғазиев қатысты.