Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия коронавирус бойынша еліміз өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бүгінгі мәлімет бойынша «қызыл» аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда және Павлодар облыстары тұр.
«Сары» аймақта Шымкент қаласы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Алматы, Маңғыстау, Жамбыл облыстары орналасқан.
Түркістан, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары «жасыл» аймақта.