• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
30 Сәуір, 2021

Жамбылда жыл басынан бері 3 ана өлімі тіркелді

263 рет
көрсетілді

Жамбыл өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында облыстық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Хамит Мырзақасымов облыста жыл басынан бері 3 ана өлімі тіркелгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz

Биыл Жамбыл облысында медициналық құрал-жабдықтар сатып алуға 2,477 млрд қаражат бөлінді. Оған емдеу-алдын алу ұйымдарына 120 дана медициналық құрал-жабдық алу жоспарланған.

Ол брифингте «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасының орындалуы бойынша түрлі бағыттарға тоқталып өтті.

Осыған байланысты медициналық жабдықтар алу бағдарламадағы 70-ші бағытқа жатады. Жалпы, Жол картасында денсаулық сақтау саласына қатысты 12 тармақ бар.

«Жол картасы бойынша жұмыстарға тоқталар болсам, бүгінде Тараз қаласында 200 төсек-орындық облыстық онкологиялық диспансер салынуда. Оның құрылысы 2018 жылдың қараша айында басталған. Сондай-ақ облыс бойынша жалпы өлім-жітім көрсеткішін төмендету, нәресте өлім көрсеткішін азайту бойынша атқарылатын жұмыстарға арналған тармақтар бар. Жалпы, ағымдағы жылдың 1 тоқсанында өңірде 3 ана өлімі тіркеліп, көрсеткіш - 45,0-ді құрады», деді Х.Мырзақасымов.