• RUB:
    5.03
  • USD:
    492.22
  • EUR:
    529.38
Басты сайтқа өту
Тағайындау 30 Сәуір, 2021

Павлодар облыстық Төтенше жағдайлар департаментіне жаңа басшы келді

402 рет
көрсетілді

Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаментінің басшылығына Жасұлан Жұмашев тағайындалды. Бұл туралы өңір әкімдігінің баспасөз өкілдері мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz

Жасұлан Жұмашев бұған дейін Батыс Қазақстан облыстық Төтенше жағдайлар департаментіне басшылық еткен.

Департаменттің жаңа басшысын құқық қорғау өкілдеріне және Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақовқа ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин таныстырды.

Юрий Ильин Жұмашевтың төтенше жағдайлар саласындағы жұмыс тәжірибесін атап өтті.

Облыс әкімі департамент басшысына сәттілік тілеп, өңірде екі жылдан астам төтенше жағдайлар департаментінің басшысы болған Ернұр Өтегеновке сәттілік тіледі. Кадрлық ротацияға сәйкес, Өтегенов енді Батыс Қазақстан облысының төтенше жағдайлар департаментін басқарады.

Соңғы жаңалықтар