• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Аймақтар 30 Сәуір, 2021

Алматыдағы Орталық саябақ бір күнге жабылады

807 рет
көрсетілді

Алматы қаласындағы Орталық мәдениет және демалыс саябағы 1 мамырда жабық болады, деп хабарлайды Egemen.kz

Саябақ санитарлық тазалық жүргізу үшін жабылып, зарарсыздандырылады.

«Құрметті Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтары! 2021 жылдың 1 мамырында Алматы қаласының Орталық мәдениет және демалыс саябағы санитарлық-дезинфекциялық тазалық үшін жабылатынын хабарлаймыз», делінген баспасөз хабарламасында.

Одан өзге, «Алматыэлектротранс» өкілі 1-2 мамырда қоғамдық көліктер саябаққа бармайтынын ескертті. Ведомства мәліметінше, 1 және 2 мамырда Гоголь көшесінің бойымен батыстан және шығыс бағытта Қалдаяқова көшесінен саябақ аялдамасына дейінгі троллейбус маршруттарының қозғалысы өзгертіледі.

25-маршрут Қалдаяқов көшесімен (солтүстік) – Жібек жолы (батыс) – Пушкин (оңтүстік) – Гоголь (шығыс) – Калдаяқов көшесі (оңтүстік) деп келіп, одан әрі әдеттегі маршрут бойында қатынайды. 1 және 12 маршруттар Гоголь (шығыс) – Қалдаяқов (солтүстік) – Жібек жолы (батыс) – Пушкин (оңтүстік) – Гоголь көшесімен (батыс) келіп, одан әрі маршрут бойымен жүреді.