Алматы облысында Аshyq жобасы арқылы көптеген нысандардың жұмыс істеуіне рұқсат берілді, деп хабарлайды Egemen.kz
Ashyq пилоттық жобасы арқылы мынадай кәсіпкерлік объектілердің жұмыс істеуге мүмкіндіктері бар: - йога орталықтарын қоса алғанда, фитнес клубтары;
- спа орталықтары;
- сауналар;
-бассейндер; - PlayStation клубтарын қоса алғанда, компьютер клубтары (16 жасқа дейінгі адамдарды қоспағанда);
- боулинг клубтары;
- кинотеатрлар;
- театрлар мен филармониялар;
- банкет залдарын, асхана типті объектілерді, фаст-фудтарды, стрит-фудтарды қоспағанда, қоғамдық тамақтану объектілері;
- облысаралық және қалалық тұрақты емес (туристік) тасымалдар;
- бильярд клубтары;
- концерт залдары;
- ерікті қатысушылар;
- караоке (2021 жылғы 5 мамырдан бастап);
- көрмелер;
- океанариум;
- марафондар;
- көрермендермен спорттық іс-шаралар;
Алматы облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің міндетін атқарушы Асхат Чарапиевтің 2021 жылғы 1 мамырдағы №12 қаулысы 4 мамыр күні күшіне енеді.
Естеріңізге сала кетейік, біз бұған дейін Алматы облысының кәсіпкерлері Аshyq қосымшасымен жұмыс істей бастағанын хабарлаған болатынбыз.