• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 01 Мамыр, 2021

Есіл өзенінде теплоходпен серуендеу қашан басталады

706 рет
көрсетілді

Елордада су жағасында серуендеу негізінен мамыр айында басталады. Жақын күндері елорда тұрғындары мен қонақтары үшін Есіл өзенінде жолаушылар теплоходы іске қосылады, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің сайтына сілтеме жасап

«Нұр-Сұлтан қаласының Қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану басқармасы» ММ «Жаснұр» кәсіпорнымен бірлесіп, елордада 2021 жылдың навигациялық кезеңіне дайындық жұмыстарын бастады. Жолаушылар кемесінің (шағын көлемді кемелердің) қауіпсіздігін арттыру мақсатында Есіл өзенінің ішкі су жолдарындағы металл тіреулердің жағалық навигациялық-дабылдық белгілер, навигациялық белгілер (қалқымалар) және қосымша көпір белгілері орнатылады. Көрме жанындағы белгілердің бәрі тазалау, жуу және бояу кезеңдерінен өтеді. Содан кейін кептіріліп, соңғы кезеңде схема бойынша (навигациялық жабдықтың белгілері бар өзен учаскесінің сызбасы) белгілер орнатылады.