• RUB:
    4.74
  • USD:
    442.05
  • EUR:
    474.14
Басты сайтқа өту
Ауа райы 02 Мамыр, 2021

Қазақстанның бірнеше өңірінде күн суытады

1017 рет
көрсетілді

Қазақстанның бірнеше облысында ауа температурасы төмендейді және құмды дауыл болады,  деп хабарлайды Egemen.kz  Қазгидрометке сілтеме жасап

Синоптиктер еліміздің алты өңіріне ескерту жариялады. 

3 мамырда Түркістан мен Қызылорда облыстарының кей жерлерінде құмды дауыл күтіледі. Жел жылдамдығы 15-20м\с болады. Сондай-ақ, Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі, жел жылдамдығы 15-20 м\с.

Павлодар облысының кей жерлерінде ауа температурасы төмендеп, үсік күтіледі. Күндіз кей жерлерде найзағай ойнап, оңтүстік-батыстан жел соғады.

Жамбыл облысында жел күшейіп, бұршақ аралас жаңбыр жауады, 4-5 мамырда тәулік бойы жел жылдамдығы 23-28м\с.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, кейбір бөлігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады.