• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Аймақтар 03 Мамыр, 2021

4 жастағы баланы самокатпен қағып кеткендер іздестіріліп жатыр

196 рет
көрсетілді

Алматы қаласы ПД өкілдері кінәлі адамдарды іздестіріп жатыр. Видеода самокат айдап бара жатқан қыз бен жігіт баланы қағып, кетіп қалғаны көрсетілген, деп хабарлайды Egemen.kz

Тротуарда самокат айдап кетіп бара жатқан қыз бен жігіт төрт жастағы баланы қағып, оқиға орнынан қашып кеткен. Полиция департаменті өкілдері 2 мамырда белгісіз біреулер Назарбаев даңғылында самокат айдап келе жатып, Қабанбай батыр көшесінің қиылысында төрт жастағы баланы қағып кеткенін хабарлады. 

«Бүгінде бұл деректі Алмалы аудандық полиция басқармасы тергеп жатыр. Баланы қағып кеткен адам міндетті түрде анықталып, жауапқа тартылады. Тиісті іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр», деді Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз өкілі.