• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 03 Мамыр, 2021

Павлодарда ұрлық туралы хабарлаған тұрғын жазаланды

198 рет
көрсетілді

46 жастағы  тұрғынға қатысты ҚР ӘҚБК 1-бөлімінің 438-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды, деп хабарлайды  Egemen.kz

– Павлодарлық сағат 10.12-де   полицияға бір апта бұрын танысының пәтерінен 50 000 теңге ақша мен теледидарды ұрлап кеткені туралы  хабарлаған. Оқиға орнына барған полиция ұрлық фактісі болмағанын анықтады. Пәтер иесінің үйінде ұзақ уақыт бойы жарық жоқ болып шықты, ал қолда бар тұрмыстық техниканы сатып жіберген. Бұған қоса, ол мас күйінде болған, тіпті, полиция шақырғанын есіне  түсіре алмаған, – деді облыстық  полиция департаменті  жергілікті полиция қызметінің бастығы Ғалым Сарғұлов.

Ер адамға 30 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Айта  кетерлігі, бұған дейін учаскелік полиция инспекторы  жалған ақпарат берген тұрғынға қатысты мәжбүрлеп емдеу үшін материал жинап, сотқа жіберген. Жыл басынан бері облыста 19 тұрғын арнайы қызметке жалған қоңырау шалғаны үшін жауапқа тартылды.